«ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құрылтай конференциясымен 2017 жылғы 25 мамырда кәсіподақтың Жарғысы бекітілді.

2019 жылғы 4 шілдеде Жұмыс беруші мен «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы арасында ұжымдық шартқа қол қойылды, онда кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтары, материалдық көмек, әлеуметтік жәрдемақылар мен өтемақылар, әлеуметтік кепілдіктер ескерілген.

Жергілікті кәсіподақ алғаш рет кәсіпорындағы әлеуметтік әріптестіктің толыққанды қатысушысына айналды.

Кәсіпорынның кәсіподағымен Серіктестіктің мұқтаж қызметкерлеріне атаулы материалдық көмек көрсетіледі.

«Мектепке жол» акциясы аясында Серіктестік қызметкерлерінің балалары мен бірінші сынып оқушыларын оқу құралдарымен қамтамасыз ету түрінде көмек көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Серіктестіктің әлеуметтік серіктестікке қосқан үлесі үшін «ҚазМұнайГазПроф» салалық кәсіподағының алғыс хатымен марапатталды.