«QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының геологиялық барлау және өндіру жөніндегі орынбасары лауазымына Әнуар Жақсыбеков тағайындалды.

фото А.Жаксыбеков

Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін «Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген. Білікті инженер-геолог болып табылады. Бүкіл еңбек қызметі барысында біліктілікті арттыру бойынша көптеген мамандандырылған бағдарламалардан өткен.

Еңбек жолын 1982 жылы «Қазақ-Ойл-Ембі» ААҚ-да бастады, онда Байшонас және Қарсақ отандық кен орындарында мұнай және газ өндіру бойынша оператор болып жұмыс істеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құрылымында жұмыс істеп жүріп, өндірісті басқарудағы бас инженерден бастап «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-дағы басқарушы лауазымдарына дейінгі үлкен еңбек жолынан өтті. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысындағы және  Солтүстік Каспий жобалары бойынша «Н Оперейтинг Компани» ЖШС, «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК сияқты халықаралық мұнай-газ компанияларында жұмыс тәжірибесі бар.

Бірқатар салалық медальдары, марапаттары мен грамоталары бар, «Қазақстан Республикасының жер қойнауының құрметті барлаушысы», Мақат ауданының Құрметті азаматы болып табылады. «Құрмет» Орденімен марапатталған.

«QazaqGaz» ұлттық компаниясы отандық және шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүдделерін білдіретін компания.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ геологиялық барлаудан бастап, өндіру, түпкілікті өнімді өткізуге дейінгі барлық тізбек бойынша қызметті жүзеге асыратын тігінен интеграцияланған ұлттық газ компаниясы болып табылады.