Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін (ЭДР) тұрақты болжамымен «BBB-» деңгейінде растады. Осыған ұқсас рейтингтік баға «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ еншілес компанияларына берілді.

Хабарламада айтылғандай, «QazaqGaz» ҰК» АҚ Қазақстандағы газ транзиті, тасымалдау және тарату бойынша табиғи монополия болып табылады. Компания сондай-ақ газ экспортымен және өндірумен айналысады.

82b37776-fitch-ratings-logo

Қазақстанның Ұлттық газ компаниясының «BBB-» рейтингі оның соңғы акционері, мемлекет рейтингінен бір саты төмен.  Fitch Ratings бағалауы бойынша, бұл «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен мемлекет арасындағы салыстырмалы түрдегі мықты байланыстарды көрсетеді. Бұл ретте, агенттік мұнай-газ бағаларының құбылмалылығына байланысты қысымға және жақын арада күтіліп отырған күрделі шығыстардың ұлғаюына қарамастан, компанияның кредит қабілеттілігін дербес негізде «ВВВ-» деңгейінде бағалауды жалғастыруда. Бұл факторлар операциялық қызметтен (FFO) ақша қаражаты бойынша жаппай леверидждің 3,0x-ден жоғары деңгейге дейін жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Бұдан басқа, QazaqGaz эмитенті дефолтының ұзақ мерзімді рейтингіне компанияның газды ел ішінде беру және тарату сегментіндегі монополиялық позициясы, сондай-ақ газды тасымалдау, экспорттау және сату саласындағы үстем позиция қолдау көрсетеді.

QG

Агенттік талдаушыларының пікірі бойынша, еншілес компаниялардың рейтингтері жоғары заңдық және операциялық ынталандыруларды, сондай-ақ «Интергаз Орталық Азия» АҚ мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында олардың негізгі құрылымы «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен қолдау көрсету үшін жоғары немесе орташа стратегиялық ынталандыруларды көрсетеді.

Fitch Ratings пікірі бойынша «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның мемлекетпен мықты байланыстары оған жақында берілген ұлттық компания мәртебесімен қосымша нығайтылуда. Бұл оны Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенін дамыту саласындағы саясатты іске асыру жөніндегі агенттердің бірі етеді.

Агенттіктің деректері бойынша, QazaqGaz алдағы екі-үш жыл ішінде өз бизнесінің ел ішінде табыстылығының жақсаруын күтеді.

Fitch Ratings талдаушылары «QazaqGaz» ҰК» АҚ өтімділігі айтарлықтай жоғары деп санайды, өйткені ақша қаражаты мен олардың баламалары 2021 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 457 млрд.теңге деңгейінде қалыптасқан. Агенттіктің пікірі бойынша, бұл қаражат 24 млрд.теңге мөлшерінде өтеуге дейін қысқа мерзімдерде борышты өтеу үшін жеткілікті болып табылады.

Ақша қаражатының елеулі қорын 2022-2023 жылдар ішінде инвестицияларға жұмсау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ ұзақ мерзімді расталған кредиттік желілері болмаса да, қазақстандық банктерге жақсы қол жеткізу тарихына ие.