«ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС ұжымымен кездесуде Бас директор (Басқарма Төрағасы) Алик Аширов 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі оқиғалар туралы айтты.

Тұтыну нормаларын төмендету және автокөлік құралдарын газбен жұмыс істеуге ауыстыру есебінен ЖЖМ-ға жұмсалатын шығындарды азайтуға қол жеткізілді. Бұл ретте үнемдеу 1,1 млн. литр дәстүрлі отын түрін құрады.

Атмосфераға рұқсат етілмеген эмиссиялардың алдын алу, сондай-ақ тұтынушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Серіктестік метанның ағып кетуін іздеу бойынша автокешендер (4 бірлік) сатып алды. Пайдалану кезеңінде тұрғын үй-жайлар мен әлеуметтік объектілерде 262 кему, барлығы 10 550 кему анықталды.

Серіктестіктің бұйрығымен Серіктестік қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша негізгі іс – шаралар анықталды, оның ішінде:

  • дағдарыстық жағдайларды басқару бойынша командалар іске қосылды;
  • қызметкерлердің іссапарлары қысқартылды;
  • қызметкерлердің ең көп санын қашықтықтан жұмысқа ауыстырылды және еңбек демалыстарына жіберілді;
  • ауысымдық персонал вахтасының ұзақтығы ұлғайтылды.

Ауысым алдындағы медициналық куәландыру жүргізу кезінде бақылау шаралары күшейтілді.

Медициналық маскалар, жуу дезинфекциялау құралдары, автокөлікті санитарлық өңдеуге арналған құрал-саймандар сатып алынды.

Күн сайын жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, автокөлікті өңдеу жүргізіледі. COVID-19 ПТР талдау жүргізуге арналған шарттар жасалды.

Персоналға жедел ден қою, құлақтандырудағы, жинаудағы, жарақтандырудағы және құтқару жұмыстарын жүргізуге әзірліктегі практикалық дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ авариялық және штаттан тыс жағдайларда дұрыс жүріс-тұрыс іс-қимылдарын жүргізу, олардың зардаптарын барынша азайту мақсатында аварияға қарсы және сейсможаттығулар тұрақты түрде жүргізіледі.

1 2