QazaqGazOnimderi 1

Орал қаласындағы «Атамекен Өнер Ордасы» концерттік залында Мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлері күніне және «QazaqGaz» ұлттық компаниясының 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара және мерекелік концерт өтті.

Салтанатты жиынның ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз, «QazaqGaz» ҰҚ АҚ Аппарат басшысы Әзілхан Әбеуов, «QazaqGaz Onimderi» ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы) Марат Қаспақов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, сала ардагерлері мен қызметкерлерге мерейтойлық медальдарды табыс етті.

Іс-шараны «QazaqGaz Onimderi» ЖШС Орал өндірістік филиалы ұйымдастырды. Мерекеге «QazaqGaz» ҰК АҚ және оның еншілес компанияларының қызметкерлері қатысты.