Қолданыстағы автокөлік және арнайы техникалар паркі жаңаруда

«QazaqGaz Ónimderi» ЖШС қолданыстағы автокөлік және арнайы техникалар паркін жаңартуға, сондай-ақ оны тиісті жағдайда ұстауға ерекше назар аударады. Биылғы жылы Компания 65 бірлік арнайы техника сатып алуды жоспарлап отыр. Оның ішінде:
– экскаватор-жүктегіш – 2 дана;
– автокран (25 тоннаға дейін) – 1 дана;
– сапаны бақылау және техникалық диагностика автозертханасы – 7 дана;
– апаттық-диспетчерлік қызметке арналған КАМАЗ базасындағы автомобиль – 28 дана;
– бортты автомобиль (3,5 тоннаға дейін) – 2 дана;
– АГРМ автокөлігі – 11 дана;
– толық металлды фургон – 13 дана;
– толық жетекті автобус (13 орындық) – 1 дана.
Сонымен қоса, 2 экскаватор мен автозертханалардың алғашқы бөлігі қазірдің өзінде жеткізілді.