Құрметті қатысушы!
«QazaqGaz» ҰК» АҚ-да (бұдан әрі – QG) бизнесті жүргізуді цифрландыру трансформациясы Стратегиясын іске асыру және QG мен еншілес ұйымдар, тәуелді қоғамдар, бірлесіп бақыланатын және бірлескен ұйымдар (бұдан әрі – QG ЕТҰ) арасындағы өзара іс-қимылдың бизнеспроцестерін үйлестіру мақсатында, ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан бастап жаңа техника мен технологияларды, материалдар мен инновацияларды (бұдан әрі – ЖТжИ) тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан (бұдан әрі – ТӨС) өткізуге әлеуетті өнім берушілердің (бұдан әрі – Өтінім беруші) өтініштерін қабылдауға, өңдеуге және мониторингілеуге, сондай-ақ QG ЕТҰ-да ТӨС-ті ұйымдастыруға, сүйемелдеуге және өткізуге арналған «Жаңа технологиялар мен инновациялар орталығы» (бұдан әрі – ЖТжИО) цифрлық платформасы өнеркәсіптік пайдалануға берілгенін хабарлаймыз. Өтінімдерді цифрлық форматта «бір терезе» қағидаты бойынша қабылдау https://cnti.qgrnd.kz/ мекенжайы бойынша жүзеге асырылады. Аккаунтты тіркеудің заманауи тәсілі мен ЖТжИО цифрлық платформасының ыңғайлы интерфейсі Өтінім берушіге ЖТжИ-ді қарауға және ТӨС-ті ұйымдастыруға өз өтінішін жолдауға, сондай-ақ цифрлық платформадағы өзінің мәртебелік парақшасында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын онлайн бақылауға мүмкіндік береді.