Инновациялық даму аясында, сондай-ақ Алматы қаласының экологиясын жақсарту үшін «ҚазТрансГаз» АҚ 2010 жылы BG -мен және қала әкімдігімен бірлесіп Алматы қаласының автокөліктерін компримирленген табиғи газға ауыстырудың пилоттық жобасын жасады. Осы жоба шеңберінде 200 автобусқа қызмет көрсететін муниципалдық автопаркте автомобильдік газ толтыратын компрессорлық станциясы (АГТКС) пайдалануға берілді.

agnks-1111

«ҚазТрансГаз» АҚ 2011 жылы Алматы қаласында қосымша бес АГТКС салу жөніндегі жобаны іске асыруды бастады.

2011 жылғы мамырда «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС (50%) және KOLON Corporation (50%, оңтүстік корея) компаниясы бірлескен кәсіпорын «АвтогазАлматы» ЖШС құрды, ол жобалық және құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастады.

Алматы қаласында бес АГТКС пайдалануға берілген.

Жобаның географиясы (АГТКС құрылысы)

Безымянный

«ЕУРОПА – ҚЫТАЙ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОШЕРУІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША

ҮШІНШІ КОНФЕРЕНЦИЯ

              

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 797 қаулысымен бекітілген «Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» іске асыру жалғасуда, ол ҚР экономикасы мен халқы үшін маңызды экономикалық және әлеуметтік-экологиялық әсерлерді көздейді. Бұл әсіресе Алматы мен Шымкент қалаларында халық қоныстанған мегаполистерде өзекті және тиімді.

Алматы қаласы бойынша 2022 жылға қарай газбен (метан) жұмыс істейтін автобустардың санын 1200 бірлікке дейін жеткізу көзделген, оларға «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының (Алматы қаласындағы 5 АГТКС) автомобиль газ толтыру компрессорлық станцияларында (бұдан әрі – АГТКС) май құйылатын болады. Қазіргі уақытта Алматы қаласында 400 газбен жұмыс істейтін автобустар бар, метанмен  жұмыс істейтін автобустардың санын арттыру жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылы Шымкент қаласының әкімі метанмен  жұмыс істейтін автобустардың санын 800 бірлікке дейін ұлғайтады, бұл автобустарды «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС АГТКС-да толтыру жоспарланып отыр.

«ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС газ мотор отын нарығын дамыту, АГТКС желісін кеңейту және шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында АГТКС салу үшін жеке инвестицияларды тарту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Ким Владимир Дмитриевич
Ким Владимир ДмитриевичЖаңа жобалар департаментінің директоры
Email: v.kim@ktgo.kz

тел:+7 (7172) 559159 (ішкі 0740)