«ҚазТрансГаз Өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Серіктестік) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 2001 жылы құралды, заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі заңына сәйкес, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және Жарғының негізінде жүзеге асырады.

Серіктестіктің жалғыз қатысушысы болып табылады: «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы,Әлихан Бокейхан көшесі, 12 ғимарат

Серіктестік «KazTransGas LNG» жабық акционерлік қоғамын қайта құру нәтижесінде «KazTransGas LNG» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, кейіннен «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС деп қайта аталып құрылды және оның құқықтық мұрагері болып табылады.