Қасенов Арман Ғинаятұлы

1 Туған жылы: 16.09.1977 ж.

Білімі: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті, біліктігі «инженер-механик» (1999 ж.), Мәскеу көлік институты, «Көлік-логистикалық жүйесін басқару» мамандығы бойынша (2001 ж.Экономикалық ғылым кандидаты(19.04.2002 ж. КТ № 069786), «Экономика және халық шаруашылығын басқару. Бағыты: Экономика және кәсіпорындарды, салаларды және кешендерді басқару (көлік). Логистика» мамандығы.

Жұмыс тәжірбиесі:

Еңбек жолын «ҚазСертико» мемлекеттік ғылыми-практикалық орталығы» РМК-да сараптама және аудит бөлімінің жетекші маманы болып бастады (1999-2000 ж.).

Диссертациялық зерттеу жұмыстары шеңберінде Мәскеу автомобиль-жол институтында (МТУ) ғылыми тағылымдамадан өтті (2000-2002 ж.).

2002-2003 ж. кезеңінде «ҚазТрансГаз» АҚ-да маркетинг және коммерцияны басқару менеджері болып жұмыс істеді.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да менеджер, бас менеджер, газ тасымалдау және маркетинг департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды (2003-2006 ж.).

2006-2008 жылдары – «ҚазТрансГаз» АҚ-да Бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры қызметін атқарды.

2008 жылғы қыркүйектен бастап 2014 жылғы қараша аралығында Корпоративтік дамыту жөніндегі басқарушы директор, 2012 жылғы маусымнан бастап – Бас директордың корпоративтік дамыту жөніндегі орынбасары лауазымында – «ҚазТрансгаз» АҚ-ның Басқарма мүшесі.

2014 жылғы қарашадан бастап «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-ның Бас директоры.

Марапаттары:

– «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ құрмет грамотасы (2003 ж.);;

– ҚР Э және МРМ «Құбыр көлігіне 70 жыл» естелік медалі (2005 ж.);

– ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құрмет грамотасы (2007 және 2010 ж.);

– ҚР М және ГМ құрмет грамоталары (2010 және 2011 ж.);;

– ҚР Премьер – Министрінің алғыс хаты (2010 ж.);

– «Ерен еңбегі үшін» медалі (2012 ж.);

– «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016ж.) мерекелік медалі.

Алик Сафарбекұлы Әшіров

Аширов Туған жылы: 08.11.1964 ж.

Білімі: Қарағанды политехникалық институтын «Тау-кен инженері – механик» мамандығы бойынша 1986 жылы тәмамдады.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша 2001 жылы аяқтады

Жұмыс тәжірибесі:

1986-1990ж. – «Черметавтоматика» тәжірибелі-өндірістік конструкторлық бюросының Металлургиялық газ құрамын бақылау әдістері және құралдары бөлімінің инженері, инженер-конструкторы;

1990-1997ж. – СССР ҚК 27809 ә/б әскери қызмет;;

1997-1998гг. –1997-1998ж. – Алматы облысы әкімінің кеңесшісі;

1998-1999ж. – Алматы облысы әкімі аппаратының ауыл шаруашылық және экология бөлімінің агроөнеркәсіптік кешені секторының бас маманы;

1999ж. – Жамбыл облысы әкімінің Іс басқарушысының орынбасары;

1999-2000ж. – Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі;

2000-2004ж. – Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі;

2004-2005 ж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің шаруашылықты қамтамасыз ету, кадр жұмыстары және бухгалтерлік есеп басқармасының бастығы;

2005-2011ж. – Алматы облысы әкімінің көмекшісі;

2012-2013ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Аппарат басшысы;

2013-2014ж. – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Автошаруашылығы» РМК директоры;

2014 жылғы қарашадан бастап – «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС Бас директордың орынбасары.

Кусепбаев Сәкен Оразбекұлы

kusepbaev Туған жылы: 15.05.1964 ж.

Білімі: 1981-1986 жж. Қазақ Ұлттық Техникалық Университет, «Автоматика және телемеханика» мамандығы бойынша инженер;

2010-2012 жж. МЕОМ «Халықаралық Бизнес Академиясы», «Менеджмент» мамандығы бойынша Іскерлік Басқару Магистрі.

 Жұмыс тәжірибесі:

1986-2000 жж. инженер конструктор, маркетинг бойынша менеджер, коммерциялық құрылымдарда басшы қызметтерінде жұмыс атқарды:

2000-2001 жж. «ҚазТрансГаз» АҚ газ жабдықтау жобасы бойынша консалтингтік жұмыс тобының менеджері;

2001 ж. «KTG Distribution» ААҚ қаржылық талдау және ақша ағымдарын бақылау бөлімінің бастығы;

 

2001-2002 жж. «Павлодар мұнайхимиялық зауыты» ЖАҚ маркетинг басқармасының бастығы.

2002-2014 жж. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-да мынадай қызметтерді атқарды:

– Маркетинг бөлімінің Бас маманы;

– Ақша ағымдарын бақылау бөлімінің бастығы;

– Ақша ағымдарын жоспарлау департаментінің директоры.

2014-2015 жж. «ҚазТрансГаз» АҚ Корпоративті қаржыландыру және қазынашылық департаментінің директоры.

2015 жылдың ақпан айынан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ басқарушы директоры, департамент директоры қызметтерін атқарады.

2017 жылдың қазан айынан бастап «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС Бас директорының трансформация және экономика жөніндегі орынбасары.

Джаманбеков Алмаз Мэлсұлы

imgl33901

Туған жылы:  18.07.1962 ж.

Білімі: «Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын 1986 жылы аяқтады. «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақстан-Ресей университетін 2005 жылы тәмамдады.

Жұмыс тәжірибесі:

1995 – 1997 ж. — «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ әкімшілік басқармасының бастығы;

1997 — 1998 ж. — «Қазахойл» ҰМК» ЖАҚ әкімшілік департаментінің бас менеджері ;

1998 – 2000 ж. — әкімшілік-шаруашылық департаментінің директоры, басқарушы директор, аппарат басшысы «Қазақстан Халық жинақ банкі» ААҚ басқарма төрағасы – аппарат басшысы;

2000 – 2001 ж. «ҚазТрансОйл» ЖАҚ әкімшілік департаментінің директоры;

2001 – 2002 ж. — «Мұнай және газ транспорты» ҰК» ЖАҚ әкімшілік департаментінің директоры;

2002 – 2003 ж. — «Қазақстан Халық жинақ банкі» ААҚ басқарушы директоры;

2003 ж. — «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» ЖАҚ атқарушы директоры;

2003 – 2006 ж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Кеңсесінің бас сарапшысы;

2006 – 2009 ж. — «Қазақтелеком» АҚ-ның вице-президенті, мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі бас директор;

2009 жылдан бастап — Бас директордың орынбасары, аппарат басшысы, бизнесті қолдау жөніндегі басқарушы директор, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директордың кеңесшісі.

2016 жылғы тамыздан бастап «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС Бас директордың бизнесті қолдау жөніндегі орынбасары.

Марапаты:

— «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001 ж.).

— «Құрмет» ордені (2008 ж.)