Қымбатты әріптестер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы, табиғаттың жаңару кезеңі. Бұл мейірім мен ізгіліктің, достық пен махаббаттың, татулық пен келісімнің, барлық тың істеріміздің бастауы.  Әрбір отбасы лайым жылылық пен жақсылықтың шуағына бөленсін. Шаңырақтарыңызға құт дарып, бақ қонсын.

Бүгінгі күні дүниежүзі және біздің еліміз де коронавирус індетінің қиын жағдайын бастан кешіп отыр.  Мұнай бағасының күрт төмендеуі және халықаралық қаржы нарығының тұрақсыздығы жағдайды одан сайын ушықтыруда.

Қазақстан Үкіметі жұқпалы аурудың ел аумағында жаппай таралуын болдырмау үшін ауқымды жұмыс жасап, дер кезінде айрықша шаралар қабылдауда. Ондаған мың адамды еңбекпен қамтып және саланың экономикалық дамуына үлес қосып отырған Ұлттық компания алғашқылар қатарында бұл шараларды қолдап, негізгі үш басымдықты алға қойды.

Біріншіден – бұл біздің қызметкерлеріміз бен олардың отбасылары. Біздің мақсатымыз – «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында және еншілес кәсіпорындарда еңбек ететін барлық қызметкерлеріміздің әрдайым жұмыс орындарынан үйлеріне, отбасыларына аман-сау оралып, қауышуы.  Амандыққа жететін ештеңе жоқ.

Екіншіден, өндірістің қауіпсіздігі мен барлық өндірістік нысандардың үздіксіз жұмысы істеуін қамтамасыз ету.

Үшіншіден, коронавирус індетінің таралуын болдырмау шараларын іске асыруда, ақпараттандыру және барлық күш-жігерді жұмылдыруда мемлекеттік органдар және жергілікті әкімдіктермен жан-жақты өзара тығыз жұмыс істеу.

Бұл орайда менің тарапымнан бұйрықтарға қол қойылды және алдын алу шараларын нығайту туралы барлық еншілес және бағынышты мекемелер басшыларына тапсырма берілді.

Ұлттық компанияға қарасты барлық кәсіпорындарда оперативтік штабтар құрылды. Коронавирус инфекциясының эпидеямисы кезіндегі іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

Барлық өндіріс орындарының үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті ресурстармен қамтылатын болады. Тауар жеткізу, жұмыс пен қызмет көрсету мәселелері қатаң бақылануда. Мердігерлік және сервистік компаниялармен үйлестіру жұмыстары күшейтілді.

Ел үшін осындай күрделі кезеңде, мен Сіздерді, барлық әріптестерімді, Сіздердің жақындарыңызды барынша сабырлы, парасатты, шыдамды және түсіністікпен қарауға шақырамын. Мен Сіздерден Үкіметіміздің барлық талаптарын орындауды, өз денсаулықтарыңызды күтуді және барлық тазалық шараларын мүлтіксіз орындауды сұраймын.

Ұлттық компания өз қызметкерлерінің денсаулығын сақтау жолында барлық шараларды жасайды. Өз тарапымнан Сіздердің әрқайсыңыз өз отбасы, компаниясы және елінің қауіпсіздігі үшін жауапты екенін терең түсінетініңізге сенемін!

Қазіргі қиындықтарды біз бірлесіп жеңіп, одан да мықтырақ боламыз деп сенемін. Сіздерге және жақындарыңызға амандық тілеймін.

 

Алик Айдарбаев

Нұр-Сұлтан, 2020 жылғы 20 наурыз

Дерек көз: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ http://www.kmg.kz/kaz/press-centr/press-relizy/?cid=0&rid=560