«ҚазТрансГаз Өнімдері»  ЖШС-нің  ұжымымен кездесуде Бас директор (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов өткен жылғы негізгі оқиғалары туралы айтты.

Өткен жылдың қараша айында компания «Қараөзек» компрессорлық станциясына кіретін жол учаскесінде ионды тұрақтандырғышты пайдалана отырып, жол төсемінің топырағын қайта сынау және тұрақтандыру бойынша экспериментті жүзеге асырды.  Бұл қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, жөндеу құны мен жанар-жағармай материалдарының шығынын азайтуға, жүк пен жолаушыларды жеткізу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді.

Автокөлік құралдарын тұтыну нормаларын төмендету және газға ауыстыру есебінен ЖЖМ шығындарын азайту мүмкін болды. Бұл ретте, экономия отынның дәстүрлі түрлерінің 1,7 млн. литрін құрады.

Атмосфераға рұқсат етілмеген эмиссиялардың алдын алу, сондай-ақ тұтынушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында метанның ағып кетуін іздестіру бойынша 4 автокешен сатып алынды. Бұл жабдық ең қиын жерлерде, кез келген деңгейдегі газ құбырларында газдың ең аз шығып тұрған жерлерін табуға қабілетті.

 «ДЛС-Пергам» жоғары сезімтал лазерлік детекторының көмегімен пайдалану кезеңінде тұрғын үй-жайларда және әлеуметтік нысандарда 235 газдың кемуі, сондай-ақ газ құбырлары мен техникалық құрылыстарда 8 766 рет газдың кемуі  анықталды.

Қызметкерлердің жедел ден қою, құлақтандыруда, жинауда, жабдықтауда және құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындықта практикалық дағдыларды жетілдіру, сондай-ақ авариялық және штаттан тыс жағдайларда дұрыс жүріс-тұрыс іс- қимылдарын, олардың салдарын барынша азайту мақсатында аварияға қарсы және сейсможаттығулар тұрақты түрде өткізіледі.

JC8A8833

JC8A8858