Бас директор (Басқарма Төрағасы) Арман Қасенов «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС ұжымымен кездесуінде 2018 жылдың негізгі оқиғалары туралы айтты.

Өз баяндамасында Бас директор 2018 жылдың мынадай негізгі оқиғаларын атап өтті:

– Нысаналы көрсеткіштерді белгілей отырып, табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды кеңейту жөніндегі 2019-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 29  қарашадағы №797 қаулысымен бекітілді;

– ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Экологиялық мәселелер бойынша ВАК 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №2 хаттамасымен табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды кеңейту жөнінде шаралар қабылдау ұсынылды (ақпаратты ұсыну мерзімі 01.07.2019 ж.);

 – Жалпы ұзындығы 9 881 км болатын «Қытай-Еуропа» бағыты бойынша газ-мотор отынмен жүретін (LNG/CNG) техникалардың халықаралық автошеру өтті;

 – «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ трасса бойындағы жолдарды жөндеу және оларды күтіп-ұстау бойынша жұмыстар аяқталды;

 – метанның ауаға тарайтын жерлерін анықтайтын 2 бірл. мобильді зертхана іске қосылды.

Арман Қасенов қорытындысын шығарғаннан кейін, 2019 жылы компанияның алдында тұрған негізгі міндеттерді баяндады:

– «100 АГТКС құрылысы» іс-шаралар жоспарының 3-қосымшасына сәйкес жер учаскелерін беру және тұтынушылар базасын растау шартымен 2019 жылы 16 АГТКС салу көзделген;

– «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ трасса бойындағы жолдарға қызмет көрсету бойынша «Бейнеу-Шымкент газқұбыры» ЖШС-мен ұзақ мерзімді шарт жасасу.

123

345